«ҰСТАЗ - ҰЛЫ ЕСІМ» МАҚАЛАЛАР ЖИНАҒЫ
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы «Ұстаз - ұлы есім» жинақтар сериясын шығаруды жалғастыруда. Білім беру жүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосып, олимпиада жеңімпаздарын, түрлі жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздарын, Отанымыздың патриоттарын тәрбиелеген Қостанай облысының көрнекті педагогтары туралы жазылған мақалалар қабылданады.
Мақалалар тегін орналастырылады. Мақаланы редакциялық алқа мүшелері мақұлдамаса немесе грамматикалық және стилистикалық қателері болса, плагиатқа қарсы жүйеде мәтіннің бірегейлігінен өтпесе, оны орналастырудан бас тартуға құқылы. Қажетті мәтіннің бірегейлігі - 50% (әдебиеттер тізімін қоспағанда). Талаптарға сәйкес ресімделген материалдарды 2025 жылдың 28 ақпанына дейін «Ұстаз - ұлы есім» жинағына мақала белгісімен daryn.omo@mail.ru. e-mail-на жіберу қажет.
Жариялауға қойылатын талаптар //kostdaryn.edu.kz/. сайтында жарияланды.