«Қазақстанның болашағы - біздің қолымызда!» авторлық өлеңдер конкурсы
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 2025 жылғы 12 желтоқсанда ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушылары үшін «Қазақстанның болашағы - біздің қолымызда!» конкурсын өткізеді.
Конкурстың мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, Қазақстанның болашағына деген патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Байқаудың ережесі білім бөлімдеріне жолданды.