«Қазақстанның болашағы балалар көзімен» атты суреттер конкурсы

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 6-17 қазаны аралығында Қостанай облысының ауылдық жерлеріндегі жалпы білім беретін мектептердің 6-7 сынып оқушылары үшін Республика күнін мерекелеуге арналған «Қазақстанның болашағы балалар көзімен»  қашықтық суреттер конкурсын өткізеді.

    Конкурстың іріктеу кезеңіне қатысуға өтінімдер, ережеге сәйкес, аудандық/қалалық білім бөлімдерінен 2025 жылдың 17 қазанына дейін қабылданады. Конкурс ережесі аудандар/қалалар білім бөлімдеріне жіберілді.