«QOSTANAI DARYNY.KZ» журналында жариялау үшін мақалалар қабылдаймыз
Құрметті педагогтар, «QOSTANAI DARYNY.KZ» ақпараттық-әдістемелік журналының кезекті нөміріне мақалалар қабылдау жалғасуда.
Журнал білім мен тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің теориялық аспектілерін, дарынды балаларды анықтау, оқыту және тәрбиелеу, мұғалімдердің кәсіби қалыптасуы мәселелері бойынша тұжырымдамалық мәтіндерді қамтитын теориялық және ғылыми-практикалық материалдарды жариялауға арналған. Журналға қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар қабылданады.
Мақалалар тұрақты түрде қабылданады және журналдың толтырылуына қарай кезекпен жарияланады. Мақалалар daryn.omo@mail.ru электрондық мекенжайына жіберілуі керек. Мақалаларды жариялауға қойылатын талаптар «Қостанай дарыны» ӨОӘО https://kostdaryn.edu.kz. сайтында орналастырылған.
Барлық сұрақтар бойынша 39-12-13 телефоны бойынша хабарласуға болады.