«Nauryz Art» балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жұмыстары конкурсы

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы Қостанай облысының ауылдық жерлеріндегі жалпы білім беретін мектептердің 7-8, 9-11 сынып оқушылары үшін Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Nauryz Art» балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жұмыстары конкурсын өткізеді.

    Конкурс екі кезеңде өткізіледі: іріктеу кезеңі 27 ақпанға дейін, конкурстың ақтық кезеңі 2026 жылдың 9 - 13 наурыз аралығында.

    Конкурстың іріктеу кезеңіне қатысуға өтінімдер және жұмыстардың фотосуреттері, бейнетаныстырылымдар аудандық/қалалық білім бөлімдерінен 2026 жылдың 27 ақпанына дейін қабылданады. Конкурс ережесі аудандар/қалалар білім бөлімдеріне жіберілді.