«Nauryz Art» балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жұмыстары конкурсы

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы Қостанай облысының ауылдық жерлеріндегі жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары үшін Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Nauryz Art» балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жұмыстары конкурсын өткізеді.

    Конкурс екі кезеңде өткізіледі: іріктеу кезеңі 28 ақпанға дейін, конкурстың ақтық кезеңі 2025 жылдың 10 - 14 наурыз аралығында.

    Конкурстың іріктеу кезеңіне қатысуға өтінімдер және жұмыстардың фотосуреттері, бейнетаныстырылымдар аудандық/қалалық білім бөлімдерінен 2025 жылдың 28 ақпанына дейін қабылданады. Конкурс ережесі аудандар/қалалар білім бөлімдеріне жіберілді.