«EL UMITI Talent» республикалық олимпиадасының күзгі кезеңі басталды!
- 2025 жылғы 13 қазан – 2 қараша — тіркеу және іріктеу кезеңі (ro.elumiti.kz сайтында);
- 3–7 қараша — жартылай финал;
- 12–16 қараша — олимпиаданың финалы.
Олимпиадалық қозғалысты дамыту және дарынды балаларды анықтау мақсатында «EL UMITI» корпоративтік қоры жалпы білім беретін мектептердің 7–9-сынып оқушылары арасында «EL UMITI Talent» республикалық олимпиадасының күзгі кезеңін өткізеді.
Бұл – оқушылар үшін өз қабілеттерін химия, биология, математика, физика, информатика, география, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы сияқты түрлі бағыттарда көрсетуге арналған ерекше мүмкіндік. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Өткізу кезеңдері:
Бас жүлде — «EL UMITI Camp» жазғы білім беру лагеріне тегін жолдама, онда жеңімпаздарды ұмытылмас әсерлер, жаңа достар және шабыт сыйлайтын тәлімгерлермен кездесу күтеді.
«EL UMITI Talent» олимпиадасы — бұл жай ғана сайыс емес, өз күшіне сенуіне және үлкен жетістіктерге алғашқы қадам жасауға мүмкіндік.
Барлық сұрақтар бойынша колл-орталыққа келесі телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (727) 310-02-58.
 
                             
             
             
             
            