«Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларына арналған «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтетінін хабарлайды.

    Конкурс қазақ әдеби мұрасын насихаттауға және Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттыруға, эстетикалық талғамы мен рухани құндылықтарын дамытуға бағытталған.

    Облыстық кезеңге қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 27 наурызға дейін білім бөлімдерінен қабылданады. Байқау ережесі білім бөлімдеріне жолданды.

    Дарынды оқушыларды өз қабілеттерін танытып, шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға шақырамыз!