ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» ОЛИМПИАДАСЫ

    Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы жыл сайын «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасын өткізеді. Олимпиадаға 5 жылдан аспайтын еңбек өтілі бар жас педагогтер, педагог-психологтар мен тәлімгерлер қатыса алады.

    Педагогикалық олимпиада әрбір қатысушы үшін баға жетпес тәжірибе мен кәсіби дамуға жаңа серпін алатын нағыз өсу мектебіне айналады.

    Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға өтінімдер білім бөлімдерінен а.ж. 20 қазанына дейін қабылданады.

    Ереже «ДАРЫН» РҒПО сайтында орналастырылған.