Тобыл Еслямғалиұлы Дәулетбаев Атындағы педагогтердің ХII ашық өңірлік ғылыми -практикалық конференциясы

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 17 наурызда (басталуы сағат 10.00.) Қостанай облысының педагогтеріне арналған Тобыл Еслямғалиұлы Дәулетбаев атындағы XIІ ашық өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы өткізілетінін хабарлайды.

    Қостанай қаласы мен Қостанай облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім беру сапасын арттыру – оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытудың маңызды шарты» конференциясы өңірлік ғылыми-практикалық конференция мәртебесіне ие және жыл сайын өткізіліп келеді.

    Конференция мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату, қазіргі педагогтің жалпы, коммуникативтік және зерттеу мәдениетінің деңгейін арттыру, қазіргі білім берудің өзекті мәселелерін шешу жолдарын айқындау, сондай-ақ облыс мектептерінің білім беру кеңістігін бірыңғай білім беру кеңістігіне интеграциялау үшін жағдайлар жасау мақсатында өткізіледі.

    Өтетін орны: «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ (Қостанай қ., Абай даңғ., 17).

    Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің атына 2025 жылғы 20 ақпанға дейін келесі құжаттарды ұсына отырып, өтінім жазу қажет:

    1. Сілтеме бойынша Google формасында толтыру.
    2. Көлемі 5-7 беттен кем емес жобаның тезистерін Google дискіге белгілі бір секцияға сәйкес папкаға жүктеу.

    Конференция туралы толық ақпарат ережеде берілген.

     

    ПОЛОЖЕНИЕ