Отбасы күніне арналған «Отбасы - бақыт мекені» конкурсы
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 22 қыркүйекте Отбасы күнін мерекелеуге арналған «Отбасы – бақыт мекені» облыстық байқауын өткізеді. Конкурсқа ауыл мектептерінен 6 сынып оқушылары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар өз отбасыларының тарихы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасылық әдет-ғұрыптары, даналығы мен еңбегі болашақтың берік іргетасына айналған ата-бабалары туралы жұмыстар ұсынады.
Өтінімдер мен конкурстық жұмыстар аудандық білім бөлімдерінен 2025 жылғы 16 қыркүйекке дейін қабылданады.
Конкурс өткізу туралы ереже білім бөлімдеріне жолданды.