МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» КОНКУРСЫ

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы жыл сайын «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.

    Конкурс педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы мен кәсіби өсуін ынталандыру, облыс мектептері мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында өткізіледі.

    Конкурсқа қатысуға өтінімдер ережеге сәйкес білім бөлімдерінен 2025 жылғы 07 қарашаға дейін қабылданады. Конкурс ережесімен «Дарын» РҒПО ресми сайтында танысуға болады.