Бауыржан Момышұлының шығармалары бойынша буктрейлерлер конкурсы
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы ауыл мектептерінің 7 сынып оқушыларын қазақтың көрнекті жазушысы және халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай өтетін буктрейлерлер конкурсына қатысуға шақырады.
Конкурстың мақсаты – оқушыларды белгілі автордың әдеби мұрасын шығармашылық тұрғыдан түсінуге шабыттандыру және оның Қазақстанның мәдени және рухани өміріне қосқан үлесіне назар аударту.
Қатысушылар Бауыржан Момышұлы шығармаларының мазмұны мен идеяларын ашатын бейнероликтер (буктрейлерлер) дайындауы тиіс. Жұмыстар өтінімдермен бірге аудандық және қалалық білім бөлімдерінен 2025 жылғы 20 қазанға дейін қабылданады.