Ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушыларына арналған «Дарынды бала - ел болашағы зияткерлік-танымдық конкурсы
Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушылары үшін «Дарынды бала - ел болашағы» зияткерлік-танымдық конкурсын өткізуді жоспарлап отыр.
Конкурс 2025 жылғы 15 қазанда қашықтық форматында өтеді, бұл барлық ниет білдірушілер үшін қатысуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Конкурсқа қатысу оқушыларға өз білімдерін көрсетуге, шығармашылық ойлау қабілетін танытуға және қызықты зияткерлік сайысқа қатысуға мүмкіндік береді.
Қатысуға өтінімдер http://tiny.cc/darindibala сілтемесі бойынша 2025 жылғы 13 қазанға дейін қабылданады.
Қосылыңыз және осы танымдық іс-шараға өз үлесіңізді қосыңыз!