Ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 4-сынып оқушыларына арналған қашықтық турнирі
Оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығын дамыту, сыни ойлауын және логикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 4-сынып оқушыларына қашықтық турнирін өткізетіні туралы хабарлайды.
Турнир 2025 жылғы 27 қаңтарда ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 4-сынып оқушылары үшін өтеді. Турнир қашықтық форматында өткізіледі және ол барлық ниет білдірушілер үшін қатысуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Турнирге қатысу оқушыларға өз білімдерін, шығармашылық ойлау қабілетін көрсетуге және қызықты зияткерлік сайысқа қатысуға жол ашады.
Қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 23 қаңтарға дейін қабылданады. Қатысу үшін http://tiny.cc/tyrnirzayvka сілтемесі бойынша нысанды толтыру қажет.
Қосылыңыз және осы танымдық іс-шараға өз үлесіңізді қосыңыз!