Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала»үшін Ұлттық зияткерлік олимпиадасына қатысушылар мен мұғалімдерді тіркеу
Қазақстан Республикасында жыл сайын Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізіледі. Бұл ауыл мектептері оқушыларының таланттары мен қабілеттерін қолдауға бағытталған ұлттық ауқымдағы жоба.
Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 6 сынып оқушылары «Мың бала» олимпиадасына қатысуға шақырылады.
Олимпиадаға қатысу үшін оқушылар 2025 жылғы 10 ақпаннан 10 наурызға дейін https://1000bala.elumiti.kz сайтына тіркелуі керек.
Мұғалімдерді тіркеу 2025 жылғы 27 қаңтардан 10 наурызға дейін https://1000bala.elumiti.kz сайтында жүргізіледі.
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең прокторинг сервисін қолдана отырып online режимінде 2025 жылғы 1 сәуірден 10 сәуірге дейін https://1000bala.elumiti.kz ресми сайтында өтеді.