Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасына қатысушылар мен мұғалімдерді тіркеу
«El Umiti» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сәйкес жетінші жыл қатарынан Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасын ұйымдастырады.
Олимпиадаға ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қатыса алады.
Қатысушылар мен мұғалімдерді тіркеу 2026 жылғы 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында https://1000bala.elumiti.kz сайтында жүргізіледі.
Жеңімпаздарға бекітілген квотаға сәйкес мамандандырылған мектептерге түсу мүмкіндігі беріледі.