Алғыс айту күніне арналған қашықтықтан «Мейірімділік жүректен» бейнероликтер конкурсы

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 28 ақпанда ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 6-7 сынып оқушылары үшін Алғыс айту күніне арналған қашықтықтан «Мейірімділік жүректен» бейнероликтер конкурсын өткізеді.

    Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді және конкурстық жұмыстарды (бейнероликтерді) katerina-nm@mail.ru электрондық мекенжайына 2025 жылғы 25 ақпанға дейін жіберу қажет (аудандық/қалалық білім бөлімінен 5 жұмыстан артық емес).