28 сәуірде Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының II кезеңі өтеді

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының «Ел Үміті» бастамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 28 сәуірде Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының II кезеңі өтеді.

    Екінші турға Қостанай облысының ауылдық жерлердегі мектептерінен 6 сыныптың 91 оқушысы өтті.

    Олимпиада екі U-Study тестілеу пункті — Арқалық және Қостанай қалаларында өтеді. 

    Олимпиада жеңімпаздары бөлінген квота бойынша еліміздің дарынды балаларына арналған мамандандырылған мектептерге түсу мүмкіндігіне ие болады.

    «Мың бала» талантты ауыл оқушыларын біріктіруді жалғастырып, олардың алдында жаңа көкжиектер ашып, өз күштеріне деген сенімді нығайтады.

    Барлықтарыңызға сәттілік жолдас болсын!