2025 жылғы 5 қарашада Қостанай облысының өңірлерінде Лингвистикадан республикалық олимпиаданың 1 (аудандық/қалалық) кезеңі өтті.
Олимпиадаға Қостанай облысының 15 өңірінің 161 білім беру ұйымынан 539 оқушы қатысты. Оның ішінде 110 мектептен 377 қатысушы – ауыл мектептерінің оқушылары.
Қатысушыларға 3 сағат ішінде сыған (романи), амами және налёго тілдерінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 3 тапсырманы шешу ұсынылды.
Налёго – австронезиялық тілдер отбасына жататын мұхиттық тіл. Ол тілде Соломон аралдарының Темоту провинциясындағы Санта-Крус аралын мекендейтін 1620 шақты адам сөйлейді. Налёго – бұл этникалық топтың барлық мүшелерінің ана тілі, бірақ ол мектептерде оқытылмайды. Соломон аралдарының ресми тілі – ағылшын тілі, себебі бұл ел бұрын британдық протекторат болған.
Сыған тілі (немесе романи) үндіеуропалық тілдер отбасының үндіарий тармағына жатады. Ол тілде әлем бойынша 4 миллионнан астам адам сөйлейді. Тапсырмада сыған тілі диалектілерінің влаш тобына жататын кэлдэрар диалектісі қолданылған. Влаш диалектілері әлемдегі ең ірі сыған қауымдастықтарының бірі өмір сүретін Румыния аумағында қалыптасты.
Амами тілі жапон-рюкюк тілдер тобының солтүстік рюкюк тармағына жатады. Тапсырмада Жапонияның Амами Оосима аралының батысындағы Юван ауданында тұратын халық сөйлейтін амами тілінің диалектісі ұсынылды. 2010 жылы ювань диалектісінде 521 адам сөйлеген.
Облыстық кезеңге 41 жеңімпаз бен жүлдегер жолдама алды. Олимпиаданың облыстық кезеңі а.ж. 24 қарашада өтеді.




