Экономикадан республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңі

    2025 жылғы 3 ақпанда Экономикадан республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңі өтті.

    Олимпиада екінші жыл қатарынан Экономикадан халықаралық олимпиадаға іріктеу мақсатында өткізіледі. Бұл кезеңде қатысушылар ағылшын тілінде экономикадан 100 тест сұрақтарына жауап беруі керек болды. Кезеңге Қостанай облысының жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 103 оқушысы қатысты.

    Кезең қорытындысы бойынша мүмкін болатын ең жоғары балл – 100 балл. Келесі кезеңге Қостанай облысы білім беру ұйымдарының 89 және одан жоғары балл жинаған 37 оқушысы өтті. Ол а.ж. 17 ақпанда өтеді.