Ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңі басталды

Дата:
08.10.2025

Ағымдағы жылдың 8-10 қазаны аралығында ауылдық жерлердегі мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың 2-кезеңі өтеді.

1-кезеңге Қостанай облысының білім беру ұйымдарынан 2657 оқушы қатысты, оның ішінде 2316 оқушы 2-кезеңге қатысуға жіберілді, бұл бастапқы кезеңге қатысқандар санының 87,2 %-ын құрады.

Олимпиада аудандар мен қалалардың тірек мектептерінің базасында онлайн режимінде аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің жетекшілігімен өтеді. Оқушылар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген тест тапсырмаларын орындайды.

Қатысушылардың басым бөлігін Қостанай, Әулиекөл және Меңдіқара аудандарының оқушылары құрап отыр.

2-кезеңнің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттарын алады, сондай-ақ әрбір пән мен сынып бойынша жүлделі орындар беріледі.

Осы турдың қорытындысы бойынша күзгі демалыс күндері өткізу жоспарланған облыстық кезеңнің қатысушылары іріктеліп алынады.