2025 жылғы 3-4 желтоқсанда Қостанай облысының өңірлерінде 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың 2 (аудандық/қалалық) кезеңі өтті.
Олимпиадаға 2500-ден астам оқушы 12 жалпы білім беретін пән бойынша қатысты: математика, химия, физика, биология, информатика, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы.
Ең белсенді қатысушылар 8-сынып оқушылары болды. Ауыл мектептерінің қатысушылары қатысушылардың жалпы санының 52 %-ын құрады
Облыс мектептерінен қатысушылардың ең көп саны математика, Қазақстан тарихы, биология, ағылшын тілі сияқты пәндерді таңдады.
Қатысушылар үш қиындық деңгейіндегі тест тапсырмаларын орындады. Олимпиада барлық ережелер сақтала отырып, өңірлердегі тірек мектептер базасында өтті.
Кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға ұсынылатын болады.




