2025 жылғы 12-13 қарашада Қостанай облысының өңірлерінде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың 2 (аудандық/қалалық) кезеңі өтіп жатыр.
Олимпиадаға 2500-ден астам оқушы 8 жалпы білім беретін пән бойынша қатысуда: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы.
Облыс мектептерінен оқушылардың көп бөлігі математика, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті сияқты пәндер бойынша олимпиадаға қатысуды таңдады.
Қатысушылар үш қиындық деңгейіндегі тест тапсырмаларын орындайды. Олимпиада барлық ережелерді сақтай отырып, өңірлерде тірек мектептер базасында өтеді.
Кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға ұсынылатын болады.



