«Ыбырай оқулары» байқауы
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылдың сәуір айында «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ базасында облыстық «Ыбырай оқулары» байқауы өткізілетіні туралы хабарлайды. Бұл байқау қазақ халқының білімі мен мәдениетін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті педагог және ағартушы Ыбырай Алтынсаринге арналған.
«Ыбырай оқулары» байқауы Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 2-11 сынып оқушылары үшін өткізіледі. Байқау 2 кезеңнен тұрады: аудандық/қалалық және облыстық. «Ыбырай оқулары» байқауының облыстық кезеңіне үш жас тобында байқаудың аудандық/қалалық кезеңінің Бас жүлде иегерлері және 1 орын иегерлері қатыса алады.
Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңін аудандар мен қалалардың білім бөлімдері 2025 жылғы ақпанда өткізеді.
«Ыбырай оқулары» байқауына қатысу оқушылар үшін өз білімдері мен таланттарын көрсетуге, сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің мұрасы және оның қазақ білімін дамытуға қосқан үлесі туралы көбірек білуге тамаша мүмкіндік.
Өтінімдер аудандық/қалалық білім бөлімдерінен, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар мектептерден қабылданады.
«Ыбырай оқулары» байқауына қатысу – өз қабілеттерін көрсету, жаңа білім алу және еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға өз үлесін қосу мүмкіндігі. Өтінімдеріңізді күтеміз және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!