ПОЛОЖЕНИЕ

    Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу ережелері

     

    1. Жалпы ережелер

    Берілген Ережелер қазақ тілі мен әдебиетінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданы (бұдан әріОлимпиада) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайды.

    Олимпиада мақсатыҚазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

    Олимпиаданың негізгі міндеттері:

    - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

    -.Патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу;

    - оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

    Олимпиада Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өткізіледі.

     

    2. Олимпиаданың жұмысшы органы

    Олимпиаданы үйлестіру және дайындау мен өткізу бойынша істі жүзеге асыру үшін Республикалық ұйымдастыру комитеті (бұдан әріРеспубликалық ұйымдастыру комитеті) құрылады.

    Республикалық ұйымдастыру комитеті:

    1) Олимпиадаға жалпы жетекшілік етуді жүзеге асырады;

    2) республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесті (бұдан әрі – Ғылыми-әдістемелік кеңес) құрады;

    3) Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының құрамы мен саны бойынша ұсыныстар енгізеді;

    4) Олимпиаданың қорытындысын сараптайды және таратады;

    5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) Олимпиаданың республикалық кезеңінің жүлдегерлер тізімін бекіту үшін ұсынады.

    Ғылыми-әдістемелік кеңес:

    1. Олимпиаданың регламентін жасайды (кезеңдер, айналымдар саны, әр айналым тапсырмаларын орындау уақыты және т.б.)
    2. Олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізу түрін анықтайды; 
    3. Олимпиаданың екінші (облыстық) және үшінші (республикалық) кезеңдерінің тапсырмаларының мазмұнын, оқушылар жұмыстарының бағалау өлшемдерін жасап шығарады;
    4. ұсынылған тапсырмалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне, дұрыстығына, олардың Олимпиаданың белгілі бір кезеңінің талаптарына сәйкестігіне жауап береді;
    5. Олимпиада өткенге дейін тапсырмалардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау, Олимпиада қатысушыларының рейтингісін құру үшін құрамына Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдары, білім басқармалары мен бөлімдерінің әдіскерелері, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің шығармашылықпен қызмет ететін мұғалімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының құзіретті өкілдерінен құралған қазылар алқасы таңдалып алынады.

    Олимпиаданың республикалық кезеңінің төрағасы мен құрамы Республикалық ұйымдасыру комитетінің ұсынысы бойынша Министрлікпен бекітіледі.

    Әр сынып бойынша қазылар алқасының саны тақ саннан (3 адамнан кем емес) құралады.

    Қазылар алқасының құрамына оқушысы Олимпиадаға қатысатын мұғалімдер кіргізілмейді.

    Олимпиаданың қазылар алқасы:

    - жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;

    - қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы жағдайларды талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулерді енгізеді;

    - жеңімпазар мен жүлдегерлерді анықтайды;

    - Олимпиада қатысушыларымен орындалған тапсырмаларды талқылау мен үйлестіруді өткізеді.

     

    3. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

    Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады.

    Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі:

    бірінші – аудандық (қалалық) – аудандық және қалалық білім бөлімдері ағымдағы оқу жылының 3-4 наурызы аралығында білім басқармасының тиісті органдары дайындаған тапсырмалар бойынша өткізеді;

    Бірінші кезеңнің ұйымдастырушылары  облыстық кезеңге қатысуға өтінімді 2018 жылдың 6 наурызына дейін олимпиаданың тиісті облыстық ұйымдастыру комитетіне ұсынады;

    екінші – облыстық – облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары ағымдағы оқу жылының 3-4 сәуірінде республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізеді.

    Екінші кезеңнің ұйымдастыру комитеті ағымдағы оқу жылының 6 сәуіріне дейін «Дарын» РҒПО-ға Олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға өтінімдерді береді.

    үшінші кезең – республикалық – 25-28 сәуір аралығында республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

    Олимпиаданың үшінші кезеңіне екінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

    Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:

    1 айналым – жазбаша – эссе;

    2 айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.

    Жұмыстарды бағалауда неғұрлым объективтілікті қамтамасыз ету үшін Олимпиаданың барлық қатысушыларымен тапсырмаларды талқылау жүргізіледі. Тапсырмаларды талқылағаннан кейін, қатысушылардың тілегі бойынша, жұмыстарды үйлестіру өткізіледі.

     

    4. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

    Олимпиаданың әр кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

    Олимпиаданың үшінші кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

    Олимпиаданың үшінші кезеңінде I, II және III дәрежелі дипломдар саны келесі үйлесімділік бойынша анықталады:жеңімпаздар санының 50%-ы ІІІ дәрежелі дипломдармен, 30% - ІІ дәрежелі дипломдармен, 20% - І дәрежелі дипломдармен марапатталады.

     

    5. Олимпиаданы қаржыландыру

    Олимпиада қатысушыларының жол жүруін, тамақтану және тұратын жерін ұйымдастырумен байланысты шығындар жіберуші білім мекемелерінің немесе жеке (демеушілік) қаражат есебінен жүзеге асырылады.

    Олимпиаданы өткізу, жүлдегерлерді марапаттау білім басқармасының тиісті органдары бекіткен шығындар сметасы шегінде жүзеге асырылады.